Қазақстанда халық санағын өткізу мерзімі анықталды

09:33, 24 қыркүйек 2019
722

Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда халық санағын өткізу күндері белгілі болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтында.

Санақ 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілді: сауалнама жүргізуге мүмкіндік беретін планшетке арналған мобильді қосымша, респонденттердің санақ парақтарын өз бетінше толтыруға арналған арнайы сайт, «Аудандастыру» автоматтандырылған жұмыс орны әзірленді.

Сондай-ақ санақ жүргізу кезеңінде халықты қолдау және ақпараттандыру үшін колл-орталық құрылады.

Санақтың алдын ала қорытындылары 2021 жылы, ал түпкілікті нәтижелер 2022 жылы жарияланады деп жоспарланған.

Бұл шешім 2019 жылғы 19-20 қыркүйекте өткен Аумақтық статистика органдары мен ведомстволық бағынысты ұйым өкілдерінің қатысуымен Статистика комитетінің кеңейтілген отырысында қабылданды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!