Қазақстанда 500-ге жуық дәрігер сертификатсыз жұмыс істеді

10:18, 24 мамыр 2019
351

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Медициналық қызметкерлерде клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының болуын немесе болмауын талдау нәтижелеріне сәйкес 500-ге жуық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев хабарлады.

Зерттеу «е-license.kz» порталын іске қосу шеңберінде елдің 616 медициналық ұйымында өтті.

«Талдау барысында республика бойынша 544 мемлекеттік және 72 жеке медициналық ұйымдар қамтылды. Анықталған бұзушылықтар медициналық қызметкерлерге бес АЕК және лауазымды тұлғаларға 15 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болады», — деді О. Әбішев.

Оның айтуынша, Шымкент және Түркістан облысының 18 денсаулық сақтау ұйымында 117 медициналық қызметкер сертификаттардың жоқтығынан жұмыстан босатылды. Бұл ретте Шымкентте бес жалған сертификат анықталды. Олар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Қарағанды облысында сертификаттардың болмауына байланысты 92 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді. Павлодар облысында – 142, Жамбыл облысында – 30, Алматы облысында – 48, Атырау облысында – 55 медицина қызметкері.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында тағы 13 жалған сертификат анықталды. Олар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетін болады.

«Бұл медициналық ұйымдардың бірінші басшыларын жазалау шаралары қолданылуда», — деді вице-министр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!