Қазақстанда әуе компаниялардың табысы 110,4 млрд теңге болды

11:02, 22 маусым 2018
272

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтармамырында Қазақстандағы әуе компаниялардың жолаушыларды тасымалдаудан келіп түскен табысы 14,7% көбейіп, 110,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz.

Тасымалданған жолаушылар саны 20,1% өсіп, 3 млн адамды құрады. Ал жолаушылар тасымалы 25,1% өсіп, 5,9 млрд жолаушы-километрге жетті.

Бұдан өзге жүк тасымалынан келіп түскен кіріс 18,1% немесе 2,5 млрд теңгеге артты. Бес ай ішінде 8,8 мың тонна зат пен жүк тасымалданды.

Жүк айналымы жыл басынан бері 10% өсіп, 20,6 млн тонна-километрді құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!