Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері анықталды

14:05, 15 шілде 2018

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда ең танымал төрт саланың қызметкерлері айына 150 мың теңге еңбек ақы алады, деп хабарлайды LS.

Жоғарыда көрсетілген жалақы мөлшері өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін 620 мыңнан астам адамға тиесілі.

Статистика комитетітің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың І тоқсанында орташа номиналды жалақы мөлшері 152,4 мың теңгеден асты. Білім беру саласының өкілдері 100 мың теңгеден аз алса, жоғарғы оқу орны (142,26 мың теңге) мен қосымша білім беру (131,38 мың теңге) орындарының қызметкерлері одан көп алады.

Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің айлығы да орташа номиналды жалақы мөлшеріне жетпейді.

Сонымен қатар, ең жоғары еңбек ақысы жүк тасымалы саласына тиесілі. Теңіз және жағалаудағы жүк көліктерінің қызметкерлері орта есеппен 705,12 мың теңге алады.

Қазақстан агроөнеркәсіп саласын дамытуды жоспарлап отырғанда, ауыл шаруашылығы өте аз төленетін сала болып анықталды. Ал, ең төменгі жалақы мөлшерін балықшылар алады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!