Қазақстанда электронды сауда дамып келеді

15:12, 21 маусым 2018

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда электронды сауданың жылына 40 пайызға өсуі күтілуде, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

«Ағымдағы жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асырудың белсенді фазасына көштік. Бұл үшін қажетті жағдайлар, оның ішінде цифрландыру жөніндегі комиссия құрылып, бес мемлекеттік органда вице-министрлердің жеке ұстанымы бекітілді. Олар ведомстводағы цифрландыруға жауап береді. «Зерде» холдингі жанынан цифрландыру жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Нақты нәтижелер туралы айтқан кезде, электронды сауда субъектілері санының өсімін ынталандыратын Салық кодексіне өзгертулер енгізілгенін атап өткен жөн. Мұндай ұйымдар корпоративтік табыс салығын төлеуден толықтай босатылған. Кейбір есептеулерге сәйкес, мұндай шаралар электронды сауда нарығының жылдық өсімін 40 пайызға дейін қамтамасыз етеді», – деді министр.

Сонымен қатар, ол 2018 жылдың қаңтарында «Электронды еңбек биржасы» жобасы іске қосылғанын атап өтті.

«Бұл бағдарлама аясында мемлекеттік секторды еңбекпен қамту жөніндегі жеке агенттіктермен ықпалдастырған әрі азаматтардың жұмысқа орналасу процесін ашық және жедел жасаған бірінші жоба болды. «Электронды еңбек биржасы» қазірдің өзінде шамамен 70 мың адамның жұмысқа орналасуына септігін тигізді», – деді Д.Абаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!