Қазақстанда электр энергиясын өндіру төмендеді

10:08, 15 шілде 2019

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–мамыр айларында электр энергиясын өндіру 44,3 млрд кВт/сағ болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (46,7 млрд кВт/сағ) 4,9%-ға аз, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Құндық мәнде электр энергиясын өндіру, беру және тарату 449,9 млрд теңгені құрады — өткен жылы 520,5 млрд теңге.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша, жалпы алғанда 2018 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында электр энергиясын өндіру 107,1 млрд кВт/сағ (жыл бұрын — 103,1 млрд кВт/сағ) құрады.

Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты нарығының операторының деректері бойынша электр энергиясын өндіру 44,1 млрд кВт/сағ құрады — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (46,4 млрд кВт/сағ) 5%-ға кем. Деректер ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректерінен шамалы ерекшеленеді.

Электр станцияларының түрлері бойынша өндірудің ең үлкен көлемі жылу және газ турбиналы электр станцияларына тиесілі: 39,7 млрд кВт/сағ, үлесі — 89,9% (бір жыл бұрын — 42 млрд кВт/сағ, немесе 90,5%) құрады.

Гидроэлектр станциялары 4 млрд кВт/сағ электр энергиясын немесе жалпы көлемнің 9,1%-ын (бір жыл бұрын — 4,2 млрд кВт/сағ немесе 9%) өндірді. Қалпына келтірілетін электр энергиясы көздерінің өндіріс көлемі 433,4 млн кВт/сағ (бір жыл бұрын — 262,8 млрд кВт/сағ) құрады.

Өз кезегінде, электр энергиясын тұтыну бір жылда 0,8%-ға өсіп, 44,1 млрд кВт/сағ болды.

Электр энергиясын Павлодар облысы ең көп тұтынды: 8 млрд кВт/сағ (өткен жылы — 8,2 млрд кВт/сағ). Сондай-ақ, ТОП-3 құрамына Қарағанды және Алматы облыстары кірді — 7,6 млрд және 4,7 млрд кВт/сағ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!