Қазақстанда экспорттық және импорттық тауарлардың бағасы өсті

17:34, 12 тамыз 2019
650

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылғы маусымда 2018 жылғы маусыммен салыстырғанда экспорттық тауарлар 10,3%-ға қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Бұл ретте баға дайын тауарларға 16%-ға өсті. Экспорттық шикізат 11,4%-ға, жартылай фабрикаттар 5,4%-ға қымбаттады.

Импорттық тауарларға келетін болсақ, олар бір жыл ішінде 9,9%-ға өсті. Ең көп жартылай фабрикаттар қымбаттады – 12%. Импорттық шикізатқа және дайын тауарларға бағалар тиісінше 8,9%-ға және 9,5%-ға артты.

Сондай-ақ, 2019 жылдың басынан бастап бағаның өсуін қарастыратын болсақ, экспорттық тауарлар 4,3%-ға, импорттық тауарлар 4,1%-ға қымбаттады.

Экспорттық жеткізілімдердің ішінде ферроқорытпалар жыл басынан бері 11,7%-ға, қорғасын 4%-ға арзандады. Бұдан басқа, темір рудасының бағасы — 33,3%-ға, көмір — 19,2%-ға, мұнай — 11,5%-ға, мырыш — 4,1%-ға және мыс — 2,1%-ға өсті.

Импортталатын тауарлардың ішінде жыл басынан бері көкөністер 41,6%-ға, балық – 8,2%-ға, шұжық өнімдері – 7,5%-ға, сүт өнімдері — 6,3%-ға, кофе — 5,4%-ға, құс еті мен шай — 4%-ға қымбаттады. Пластмасса бағасы 7,4%-ға, ағаш материалдар – 6%-ға, құрылыс материалдары — 5,4%-ға артты, деп хабарлады Комитет.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!