Қазақстанда ЭЦҚ-мен мобильді қосымша пайда болады

14:39, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Қазақстандықтар ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, телефоннан құжаттарға қол қоя алады. Жаңа технология туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде айтты.

Вице-министр Абылайхан Оспановтың айтуынша, бүгінгі күні министрлік азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңбаны алуын жеңілдету үшін көп жұмыс атқаруда.

«Біз ЭЦҚ-ны мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік жасағымыз келеді. Банктерді сәйкестендіру үшін банктермен белсенді жұмыс істейміз, олардың клиенттері ХҚКО-на бармай-ақ ЭЦҚ-ны кедергісіз ала алады», — деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, сандық қолтаңбаны телефондағы Face ID технологиясына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

«Өз кезегінде сіз онда ЭЦҚ бар екенін ұмытасыз. Ол автоматты түрде барлық сұраныстарды растайды, ол үшін телефоныңызды бетіңізге жақындатсаңыз болғаны», — деді вице-министр.

Бұл жаңалықтардың барлығы Қазақстанда ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында пайда болуы мүмкін.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!