Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттауда

13:00, 18 қыркүйек 2019

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда фармацевтикалық препараттар шілде айының қорытындысы бойынша жылына 8,7%-ға қымбаттады. 7 айдың жиынтық қорытындысы бойынша жылдық өсім 8,5%-ды құрады, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Өткен жылдың шілде айында антибиотиктер, витаминдік препараттар, корвалол және анальгетиктер 10%-ға қымбаттады.

2019 жылдың қаңтар–шілде айларында ел өңірлерінің арасында фармацевтикалық препараттарға бағаның ең көп жылдық өсуі Қызылорда (жылына +17,6%), Ақмола (+11,1%), Алматы (+10,8%) және Маңғыстау (+10%) облыстарында байқалды.

2019 жылдың қаңтар–шілдесінде негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 53,3 млрд теңгеге жетті — бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23%-ға артық (сектордағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 118%-ды құрады).

Дәрі-дәрмектердің тікелей шығарылымы 45,6 млрд теңгені құрады, оның 41,8%-ы Шымкентке, 28,2%-ы Алматы облысына, 21,1%—ы Алматыға тиесілі.

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша антибиотиктердің жергілікті өндірісі сұраныстың тек 11,9%-ын жабады, яғни бұл секторды шетелдік компаниялар қамтамасыз етеді.

Витаминдер мен провитаминдерге қатысты жағдай одан да нашар: мұнда қазақстандық өндірушілер сұраныстың тек 5%-ын ғана қамтамасыз ете алды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!