Қазақстанда денсаулық сақтау бюджеті 1,5 трлн теңгеге жетеді

11:17, 18 қараша 2019

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Қазақстанның денсаулық сақтау бюджеті 2020 жылы 1,5 есеге өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетеді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Бұл туралы Интерфакс жазды.

«МӘМС енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау бюджеті 2020 жылы 1,5 есеге артып, шамамен 1,5 трлн теңгені құрайды, оның ішінде МӘМС есебінен 500 млрд теңгеден астам қаражат», – деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл халықтың медициналық қажеттіліктеріне негізделген медициналық көмектің басым түрлерін, оның ішінде медициналық оңалтуды қаржыландыруды едәуір ұлғайтады, ол келесі жылы жеті есе және 2025 жылға қарай 11 есеге дейін өседі.

«Тарифтердің өсуі медициналық қызметкерлердің еңбекақысын арттыруды қамтиды, ол келесі жылы дәрігерлер үшін 30%-ға және орта деңгейлі медицина қызметкері үшін 20%-ға, ал 2025 жылға қарай қазіргі жалақыға қарағанда екі есеге өседі. Саланы қаржыландыруды арттыру медициналық ұйымдарды техникалық жабдықтаумен жинақталған проблемаларды шешуге және 2025 жылға қарай жарақтану деңгейінің 90%-ына қол жеткізуге мүмкіндік береді», — деді Елжан Біртанов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!