Қазақстанда бункерлік салмақта жиналған астық 7,6% қысқарды

11:06, 23 қазан 2017

Алматы. 23 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау аяқталды. 2017 жылы 21,9 млн тонна астық жиналды деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Қазіргі уақытта, 15,3 млн гектардағы (99,9%) астық пен дәнді дақылдар жиналды. Бастапқы салмақта орташа өнімділігі 14,3 ц/га болатын 21,9 млн тонна астық бастырылды«, — дейді министрлік.

2016 жылы бункерлік салмақта 23,7 млн тонна астық жиналған еді. Бұл көрсеткіш 2015 жылдан 18,5%-ке көп. Осылайша 2017 жылы бункерлік салмақта жиналған астық 7,6%-ке төмендеді.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!