Қазақстанда блокчейнді білім беруде пайдалану жоспарланады

15:07, 19 наурыз 2018

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балалар мен ата-аналарға арналған блокчейн жүйесін құруды ұсынды.

«Біз цифрландырудың жаңа концепциясын құрдық. Біріншіден, бұл цифрлық қолжетімдік пен ұтқырлық. Бұл дегеніміз мұғалім, мектеп директоры, ата-ана мен балалар өздерінің мобильді телофондары арқылы ақпаратты жүктеуі керек. Оқушы үй тапсырмаларын, бағаларын үйден шықпай көре алатындай болуы қажет. Сонымен қатар, бұндай қызметтердің мобильді нұсқасы үйден шықпай, мектепке, колледж бен университетке түсу кезінде өтініш беру үшін қолданылады. Сондай-ақ, мектептегі сабақтарды ортақ электронды базада ұйымдастыруға болады. Ол жерде оқушылар мен оқытушылар өздерінің портфолиосын телефон арқылы көруге мүмкіндігі бар», – деді министр.

Оның айтуынша, жоғарғы оқу орындарына гранттарды бөлу, депутаттардың аттестация алуы және өзге де ақпараттың барлығы ашық порталда орналасады.

«Кез келген адам, мәселен, бала-бақша кезегінің жүріп жатқандығын, сондай-ақ ректорлыққа үміткерлер ақпарат қарай алады. Бұл блокчейн деп аталады. Бұл ақпараттың ашықтығы, қолжетімділігі. Олардың ақпараттық технологияға телефон, басқа да құрылғылар арқылы кіруге мүмкіндігі болу керек. Бұл тәсіл тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар, балалар мен олардың ата-анасына қолжетімді болуы тиіс», – деді Сағадиев.

Министр бала мәліметті қалай түсінгені, оның мектептегі үлгерімін қадағалау үшін барлық мағлұмат бір базада біріктірілетінін айтып өтті. Ол база BigData деп аталады.

«Министрлік осы бағытта жүйелеу жұмыстарын бастап, оны жүзеге асырудың кезеңді кестесін құрды. Бізде қазір пилоттық жоба дайын», – деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!