Қазақстанда бір жыл ішінде 1 трлн теңгеге тұрғын үй салынды

12:34, 11 ақпан 2019

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн теңге жұмсалды.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, бұл 2017 жылға қарағанда 8,1%-ке артық.

Осы ақшаға барлығы 113,7 мың пәтер (1,2 мың көпқабатты үй) және 37,4 мың жеке үй салынды.

Жалпы елімізде 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Алайда, бір адамға орташа есеппен 0,7 шаршы метр ғана келеді.

Бұл ретте, егер құрылыс нарығындағы көшбасшылар Алматы мен Астананы алып тастаса, Маңғыстау облысы барынша белсенділік көрсетті. Қазақстанның үш солтүстік аймағында ең аз тұрғын үй салынды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!