Қазақстанда бидай экспорты артты

11:15, 18 сәуір 2019
846

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстаннан бидай мен меслин экспорты 1,2 млн тоннаны құрады. 2018 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда бұл көлем 12,5%-ға өсті.

Жеткізілген бидайдың жалпы құны 213,8 млн долларды құрады, тауарлардың экспорты бойынша түсім 27,9%-ға өсті.

Астықтың ең үлкен көлемі Өзбекстанға 77,2 млн долларға 471,5 мың тонна бидай жіберілді, ал Тәжікстан 219,7 млн доллларға 40,4 мың тонна, Әзірбайжан 28,9 млн долларға 155,7 мың тонна, Ауғанстан – 11,7 млн долларға 65,6 мың тонна, Түркіменстан – 11,4 млн долларға 65,3 мың тонна, ал Түркия — 9,8 млн долларға 60 мың тонна астық сатып алды.

Өз кезегінде Ресей 7,6 млн долларға 36,2 мың тонна, Италия – 6,4 млн долларға 33,2 мың тонна, ал Қытай — 5,8 млн долларға 30,9 мың тонна бидай сатып алды.

Сондай-ақ, Қазақстан екі айда 293,9 мың тонна ұнды 62,2 млн долларға сатқан.

Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (42,7 млн долларға 195,3 мың тонна) және Өзбекстан (10 4 млн долларға 60,7 мың тонна) болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!