Қазақстанда бензин өндірісі 1761,9 мың тоннаға жетті

11:35, 16 шілде 2018
398

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-маусымында бензин өндірісі 1761,9 мың тоннаға жетті. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11,7 пайызға көп, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Есептік кезеңде Қазақстанда 121,8 мың тонна керосин өндірілген. Нақтырақ айтқанда, бұл көрсеткіш  2017 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 9,4% артық. Сонымен қатар, 1247,4 мың тонна (+6,6 пайыз) төмендетілген пропан мен бутан, 2224,3 мың тонна (-0,9 пайыз) газойль, 1505,9 мың тонна мазут (-2,5 пайыз) шығарылған.

Бұдан бөлек, 1014 мың тонна (+4,5 пайыз) ферроқорытпа, 1461 мың тонна (+6 пайыз) тегіс прокат, 75,9 мың тонна (+3,2 пайыз) тазартылған қорғасын, 164,5 мың тонна (+1,2 пайыз) мырыш, 199,5 мың тонна (-5,7 пайыз) тазартылған мыс өндірілген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!