Қазақстанда бензин импорты 94%-ға қысқарды

18:05, 17 маусым 2019

Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша Қазақстан бензин сұранысының 98,2% және дизел отынының 93,1% өзі қамтамасыз етіп отыр, — деп хабарлайды Energyprom.kz.

Өндіріс қарқынын жоғарылатып, импортты алмастыру саясатының арқасында елімізге импортталатын бензин мөлшері бір жылда 94%-ға төмендеген. Ал, экспорт 11,2 есеге жоғарылаған. 

Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 1,2 млн тонна бензин өндірілген, оның ішінде авиациялық жанармай өткен жылғыдан 9% артық. Сонымен қатар, 1,6 млн тонна дизель отыны өндірілген.

Өндірістің басым бөлігі Павлодар облысында атқарылған. Павлодар мұнай өңдеу зауытында бензиннің 38,6%-ы, дизель отынының 41,4%-ы осында шығарылған. 

Ал, Шымкент МӨЗ-і бензиннің 35,6%-ын, дизель отынының 25,3%-ын өндірген. Атырау облысы бензиннің 24,6%-ын және дизельдің 29,3%-ын қамтамасыз еткен.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!