Қазақстанда алтын өндірісі 0,7%-ке артты

11:10, 19 ақпан 2019
535

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтарында Қазақстанда өңделмеген және жартылай өңделген не болмаса ұнтақ түріндегі алтын өндірісінің көлемі 6 308 келіні құрады. Бұл 2018 жылдың қаңтарындағы мөлшерден 0,7%-ке артық, – деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Есепті кезеңдегі  өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 57 175 келі болды. Бұл да 2018 жылдың қаңтарындағы өндіріс көлемінен 4,1%-ке артық.

Айта кетерлігі, қаңтарда кейбір бағалы металдар өндірісінің біршама төмендегені байқалады. Нақты айтқанда,  өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 13,2%-ке төмендеп, 131 134 тонна болды. Ал, өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 20,7%-ке азайып, 10 470 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 3,5%-ке кеміп, 27 492 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 2,8%-ке өсіп, 36 787 тоннаға жетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!