Қазақстанда ақылы жолдар көбеюі мүмкін

14:58, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Алдағы екі-үш жылдың ішінде Қазақстанда ақылы жолдардың желісін тағы 11 мың км-ге дейін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалының директоры Асхат Оқасов мәлімдеді.

«Келесі екі-үш жылда ақылы жолдар желісін жалпы ұзындығы шамамен 11 мың шақырым болатын 32 учаске арқылы кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде, ақы алудың ашық жүйесін енгізу ұсынылады, бұл дегеніміз, шлагбаумдар мен төлем алу пункттері болмайды. Төлем алдын ала төлеу арқылы жүргізіледі», – деді ол.

Сонымен қатар, ол «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ алдын ала төлем жасаудың 20 тәсілі енгізгенін хабарлады, оның ішінде — Payway.kz интернет-қызметі, QIWI терминалдары мен интернет-банкингі, Касса 24, CyberPlat, Tenge және Касса 24, QIWI, Wooppay, Salempay электрондық әмияндары бао. Бұдан басқа, жол жүру төлемін телефон теңгерімінен жүзеге асыруға болады.

Еске сала кетейік, бүгінде елімізде төрт ақылы автожол жұмыс істейді: Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас.

«Төлемді енгізудің негізгі идеясы — республикалық бюджетке түсетін жүктемені төмендету. Яғни, ақылы болған жолдар бюджеттен қаражат сұрамайды, толығымен өзін-өзі қамтамасыз етіледі. Ақылы учаскелерді күтіп ұстау жиналған қаражат есебінен жүргізіледі», – деп атап өтті спикер.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!