Қазақстанда аймақтарға салынатын инвестиция көлемі артты

17:20, 19 қыркүйек 2017

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-тамызында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, аталған көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 3,4 пайызға өскен.

Инвестиция көлемінің аартуы республиканың 11 аймағында тіркелді. Ең жоғары өсім Ақтөбе (1,3 есе) және ОҚО-да (1,2 есе) байқалды.

2017 жылдың алғашқы сегіз айында ғимараттар құрылысы мен жөндеу жұмыстарының көлемі 2,5 трлн теңгені құрады.

Машиналар мен құрылғылар сатып алу үшін 1,6 трлн теңге жұмсалды. Ал одан басқа шығындар көлемі 697,3 млрд теңге болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!