Қазақстан 2020 жылы Байқоңырдың жаңа ұшыру алаңын қаржыландырады

Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан 2020 жылы қазақстандық-ресейлік «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті хабарлады.
Комитет мәліметінше, қазіргі уақытта «Бәйтерек» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамадан өтуде. Экономикалық сараптама оң нәтиже көрсетсе, 2020 жылы қаржыландыру басталады деп жоспарлануда.
«Бәйтеректен» «Союз-5» зымыран-тасығышының алғашқы ұшырылымы 2022 жылдың соңына белгіленген.
Жобаның шарттарына сәйкес, ресейлік тарап жаңа зымыран-тасығышын құрастыруға (шамамен 500 млн доллар, 2018 жылдың шілдесінде 61,2 млрд рубль деп хабарланған), ал қазақстандық тарап «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешеніндегі жерүсті нысанның құрылысына жауап береді.
2017 жылдың қазан айында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Марат Нұрғожин ел қазынасынан бұл жобаға шамамен 280-310 млн доллар бөлінеді деп жариялаған болатын.
Источник: 7kun.kz
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 6 желтоқсан 2019
Жамбыл облысында 70 млрд теңгенің жобасы іске асырылады
-
17:00, 6 желтоқсан 2019
Қазақстанда 11 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді
-
16:26, 6 желтоқсан 2019
ҚМГ мен Linde AG газ өңдеу саласында ынтымақтасады
-
16:03, 6 желтоқсан 2019
Қазақстанның қай өңірінде қонақ үй саны көп
-
15:19, 6 желтоқсан 2019
Мәскеу биржасы KASE акцияларын сатып алу мерзімін 2020 жылға ауыстырды
Пікір