Қазақстан үшінші елдерден импорт көлемін 20%-ға ұлғайтты

16:58, 23 қыркүйек 2019
412

Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде Қазақстан үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың көлемін едәуір арттырды.

2019 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстан Одақтан тыс елдерден 12,9 млрд доллардан астам сомаға тауар тасымалдаған. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20,3%-ға өсті.

Өз кезегінде, Беларусь 2019 жылдың жеті айында тауарларды 9,6 млрд долларға тауар импорттап, 2018 жылдың жеті айымен салыстырғанда 7,2%-ға ұлғайтты. Ал, Армения 0,8% өсіммен 1,9 млрд долларға дейін өсірді.

Сонымен бірге Ресейдің ЕАЭО-дан тыс елдерден импорты 1,1%-ға төмендеп, 124,5 млрд долларды құрады. Ал Қырғызстан шетелдік тауарлардың көлемін 15,4%-ға 1,6 млрд долларға дейін азайтты.

Осылайша, Қазақстан Одаққа мүше елдерге қарағанда үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың көлемін жылдам арттырды.

Жалпы, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшінші елдерден 150,6 млрд долларға тауар импорттап, көрсеткіш 0,8%-ға артты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!