Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы ресейлік БАҚ-қа сұхбат берді

22:49, 18 қаңтар 2018
481

Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Бүгін  Данияр Ақышев «РБК» телеарнасындағы Даниил Бабичтің авторлық бағдарламасына және «Россия-24» телеарнасына, «ТАСС» ақпарат агенттігіне сұхбат берді.

Ұлттық Банк Төрағасы берген сұхбатында валюта саясаты, теңгеге ықпал ететін факторлар, Қазақстанның алтынвалюта резервтерінің жағдайы, инфляция көрсеткіштері, банк секторының жағдайы және экономиканы долларсыздандыру туралы айтып берді.

Сондай-ақ, сот шешімімен америкалық Bank of New York шотында құлыпталған Ұлттық қордың 22 миллиард долларының жағдайы туралы да баяндады.

Данияр Акишевтің «РБК» телеарнасына берген сұхбатын мына жерден, «Россия-24» телеарнасына сұхбатын мына жерден көріп, tass.ru агенттігіне берген сұхбатын мына жерден оқи аласыздар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!