Қазақстан сыбайлас жемқорлықты аңғару рейтингісінде 122-орынға көтерілді

16:15, 22 ақпан 2018

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан 2017 жылға қарай сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 122-орынға дейін көтерілді, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттік.

Transparency International рейтингісіне сәйкес, Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда өз позициясын 9 тармаққа жақсартып, 100-ден 31 баллды иеленді. 122 орынға, сондай-ақ Әзірбайжан, Молдова, Либерия, Мали, Непал орнықты.

Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша Қазақстан 10-орында. Қазақстаннан төмен Украина (130-орын), Қырғызстан (135-орын), Ресей (135-орын), Өзбекстан (157-орын), Тәжікстан (161-орын), Түрікменстан (167-орын) орналасты.

Рейтингтегі ең жоғары көрсеткіш – Жаңа Зеландия (89 ұпай), Дания (88 ұпай), Финляндия, Норвегия және Швейцарияға (85 ұпай) тиесілі болды. Индекстегі ең аз айқындама белгіленген елдер: Сомали – 9, Оңтүстік Судан – 12, Сирия – 14 ұпай.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!