Қазақстан соңғы 10 жылда танымал болған елдер қатарына енді

10:42, 22 сәуір 2019
445

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Lonely Planet журналы соңғы он жылда танымалдығы артқан немесе төмендеген елдер мен қалалардың рейтингін құрады. Рейтингті құрастыру кезінде 2009 жылдан бастап 2019 жылға дейін Google Trends іздеу сұраныстарының статистикасы талданды. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.

Онжылдықта танымалдығы артқан елдердің ондығын Филиппин бастап тұр. Бұл елді пайдаланушылар 170,45%-ға жиі іздеген. Екінші орында — Оңтүстік Корея (+76,11%), одан кейін Сауд Арабиясы (+56,41%), Қазақстан (+47,83%) және Нидерланды (+43,17%). Сондай-ақ, Тайвань, Польша, Бахрейн, Камбоджа және Үндістан үздіктер қатарына енді.

Он жыл ішінде Мысырды іздеу сұраныстарының саны 84,8%-ға, төмендеді. Тунистің (-71,2%), Түркияның (-67,04%), Францияның (-54,34%) және Бразилияның (-49,46%) интернет-танымалдығы күрт түскен.

Әдетте саяхатшылар Доминикан Республикасына, Пуэрто-Рикого, Австралияға, Болгарияға және Ирландияға қызығушылық танытты. Ресей сондай-ақ антирейтингіге кірді — іздеу сұрауларының саны 10 жыл ішінде 4,36%-ға төмендеді.

10 жыл ішінде танымадығы күрт төмнендеген қалалар рейтингінің басында әйгілі Шарм-эль-Шейх (91,47%) тұр. Мұны елдегі революциялар мен террористік қауіп-қатермен түсіндіруге болады. Дегенмен, соңғы уақытта елде турістік ағым баяу қалпына келе бастады. Екінші орында Санкт-Петербург (-79,65%), кейін Каир (-74,67%), Лас-Вегас (-60,13%) және болгар курорт қаласы Варна (-51,03%) болды. Антирейтингте Пхукет, Майами, Малайзия Пенанг, Нью-Йорк және канадалық Калгари кірді.

Сонымен қатар, танымал қалалардың рейтингін Будапешт бастаған (соңғы 10 жылдағы іздеу сұраулары + 87,2%). «Нақты туристік ағын 39,58%-ға өсті, бұл тікелей рейстер санының артуына байланысты, ірі үкіметтік туристік бастамалармен және Будапешт Еуропадағы ең арзан қалалардың бірі болып табылады», — деп атап өтті Lonely Planet.

Екінші орынды Сеул (+70,48%) иеленді, одан кейін Копенгаген (+68,24%), Тель-Авив (+63,31%) және Варшава (+63,08%) қалалары. Топ-10 құрамына Ченнай (Үндістан), Чеджу (Оңтүстік Корея), Киото (Жапония), Джайпур (Үндістан) және Португалияның астанасы Лиссабон кірді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!