Қазақстан шетелдік экономикаға 27 млрд доллар инвестиция салды

17:23, 12 желтоқсан 2019

Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан 2019 жылдың І жартыжылдығында шетелдік экономика секторларына 27 млрд доллар инвестиция салды.

Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 13,4%-ға немесе 4,2 млрд долларға аз.

Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, осы кезеңде ең көп қаражат кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке инвестицияланған — 14,7 млрд доллардан астам. Оның ішінде ең көп үлесі бас компаниялардың жұмысына және басқару мәселелері бойынша кеңес беруге тиесілі – 14,3 млрд доллар.

Бұдан кейінгі орындарда — қаржыландыру көлемі бойынша қаржылық және сақтандыру қызметі – 2,9 млрд доллар, сондай-ақ тау – кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу — 2,5 млрд доллар және өңдеу өнеркәсібі — 2,3 млрд доллар.

Сонымен қатар, І жартыжылдықта қазақстандық бизнесмендер үй шаруашылығы қызметтеріне 1,3 миллиард доллар, көтерме және бөлшек саудаға 751,1 миллион доллар, құрылысқа 627,2 миллион доллар инвестициялады.

Өз кезегінде, басқа елдердің ақпараттық және коммуникациялық саласы Қазақстаннан 483,3 миллион доллар, көлік және қойма саласы — 480,4 миллион доллар, ал үкімет, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыру — 451 миллион доллар алды.

Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, көрсетілген кезеңде ең аз электрмен жабдықтау және газ беру (10,9 млн доллар), білім беру, денсаулық сақтау, өнер және ойын-сауық (7,8 млн доллар), ауыл, орман және балық шаруашылығы (300 мың доллар) салалары қаржыландырылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!