Қазақстан сауда инфрақұрылымының даму деңгейі бойынша 71-орында

11:21, 17 қыркүйек 2019

Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанның алдында 2025 жылға қарай сауда және көлік инфрақұрылымының даму деңгейі бойынша 40 алдыңғы қатарлы елге кіру міндеті тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

«Сауда және көлік инфрақұрылымының даму деңгейі Дүниежүзілік банктің LPI рейтингімен өлшенеді. Индекс елдерге сауда логистикасын дамытудағы қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі. Қазақстан осы рейтингте 2018 жылдың қорытындысы бойынша 71-орынға ие болды. 2025 жылға қарай ел 40 елдің қатарына кіруі керек. Бұл Израиль, Исландия, Малайзия сияқты елдер», — деді ол.

Бұл рейтингтің жоғарылауына кедергі келтіретін факторлар: сауда және көлік инфрақұрылымының сапасы, халықаралық тасымалдауды ұйымдастырудың жеңілдігі, кедендік және шекаралық бақылаудың тиімділігі және жүктерді бақылау мүмкіндігі.

2018 жылы Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 59-орынға ие болды.

«2025 жылға қарай ел үздік 40-қа кіруі керек. Бұл Италия, Эстония, Чили сияқты елдердің деңгейі. Бұл рейтингтегі тежеуші факторлар: қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен даму деңгейі, денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейі, инфрақұрылымның сапасы мен даму деңгейі, инновациялық әлеует, АКТ-ның даму деңгейі, сондай-ақ меншікті, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау», — деді ол.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін кедендік рәсімдеудің тиімділігін өлшейтін компонент бойынша Қазақстан 64-орынға ие.

«2025 жылға қарай үздік 40-қа кіру керек. Бұл Израиль, Чехия, Чили сияқты елдердің деңгейі. Осы факторға байланысты елге кедендік тексеру пункттерінің өткізу қабілетін жақсарту, сондай-ақ кедендік тексеру жүйесінің тиімділігін арттыру қажет», — деді Руслан Дәленов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!