Қазақстан ресейлік бензин импортына тыйым салуды ұзартты

14:35, 22 ақпан 2019
423

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан тағы да үш айға теміржол арқылы Ресейден бензин жеткізуге тыйым салды.

Энергетика министрлігі құжат 2019 жылғы 20 ақпанда басқа мемлекеттік органдармен келісілгенін хабарлады.

«Қазақстанға Ресейден теміржол көлігімен бензин әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», – делінген хабарламада.

Энергетика министрлігінің сайтында хабарланғандай, бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Бұдан бұрын Қазақстан Ресейден жанармай жеткізуге тыйым салу жоспарлап отыр деп хабарланған болатын. Ол кезде ведомство түсіндіріп өткендей, елде бензин өндірісі жеткілікті деңгейде, сондықтан Қазақстан импортты қажет етпейді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!