Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз мерекесімен құттықтады

22:26, 21 наурыз 2019
419

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Нурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды 7kun.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар! 

Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар.

Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды.

Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы.

Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі. Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам.

Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы. 

Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!», делінген құттықтауда.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!