Қазақстан өңірлері қанша инвестиция алды

11:53, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың І жартыжылдығында ҚР өңірлерінің қанша инвестиция алғаны белгілі болды.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, жарты жылда елдің негізгі капиталына салынған инвестициялар 2,2 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға көп. Оның ішінде ең көп инвестицияны Атырау облысының жобалары алды (365,8 млрд теңге) – 40,2% (өсім – 18,2%). Одан кейін Нұр-Сұлтан — 310,4 млрд теңге, Алматы — 284,4 млрд теңге. ТОП-5 қатарына Қарағанды (220,6 млрд теңге) мен Ақтөбе облыстары (146,7 млрд теңге) қосылды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында инвестициялардың ең үлкен өсімі байқалады — 101,3 млрд теңге. Алайда, осы өңірдегі қаржыландырудың жалпы көлеміндегі үлесі небәрі 4,4%-ды құрайды.

Бұл ретте инвестиция көлемі Ақмола облысында — 97,6 млрд теңгені, Алматы облысында — 147,6 млрд теңгені, Жамбыл облысында — 83,5 млрд теңгені, Қостанай облысында — 98,5 млрд теңгені, Маңғыстау облысында — 104,1 млрд теңге, Павлодарда — 61,4 млрд теңгені, Солтүстік Қазақстан облысында — 65,3 млрд теңгені, ал Түркістан облысында — 50,5 млрд теңгені құрады.

Инвестициялардың ең аз үлесі — Қызылорда облысы (32,1 млрд теңге), Шымкент (38,7 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан облысында (41,7 млрд теңге).

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда (2018 жылдың I жартыжылдығына қарағанда 19,3%-ға аз) және Маңғыстау облысында (22,8%-ға аз) қаржыландыру төмендеді. Қалған барлық өңірлерде инвестициялардың өсуі байқалады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!