Қазақстан мұнай өндіруге квотаны арттыруды қолдап отыр

15:18, 22 маусым 2018

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Қазақстан мұнайды қысқарту бойынша шарттарды орындау үшін келісіммен қарастырылған мөлшерден тәулігіне 100 мың баррельге артық өндіруге рұқсат етуі қажет, деп хабарлайды LS.

Осы себепті де еліміз ОПЕК+ квотасын қайта қарау мүмкіндігін қолдап отыр.

«Біз өндірісті тәулігіне 1,68 млн баррельге дейін қысқартуға міндеттіміз. Бүгінгі таңда өндіріс әртүрлі айларда 1,7 және 1,8 млн баррель аралығында сақталуда. Егер квота 100 мың баррельге көп болғанда, бұл біз үшін тиімді болар еді», – деп түсіндіріп өтті Мырзағалиев.

Қазақстан өндірісті тәулігіне 20 мың баррельге дейін қысқартуы тиіс болғанын естеріңізге сала кетейік. Ал, Халықаралық энергетикалық агенттіктің есептеріне сенсек, еліміз мамырда керісінше өндірісті тәулігіне 200 мың баррельге арттырған. Бұл қадамға Қашағандағы өндіріс көлемінің ұлғаюы себеп болды.

ОПЕК+  ұйымы болса мұнай өндірісін күніне 1 млн баррельге дейін арттыруды ұсынып отыр. Иран келісім шарттарын жеңілдетуге белсенді қарсылық көрсетуде. Елдің мұнай министрі Бижан Зангане қысқарту бойынша міндеттемелерді жеңілдету шешімін қолдамайтынын мәлімдеп, себебі АҚШ президенті Дональд Трамп шешімдеріне байланысты мұнай бағасы жоғары деңгейде қалатынына сенім білдірген болатын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!