Қазақстан 40 млрд теңгеге жаңа спутникті құрастырады
Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан 2020 жылы KazSat-2R спутнигін құруды бастайды. Бұл туралы цифрлік даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.
Оның айтуынша, бүгінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.
«Біз бүгінде спутниктің бейнесіне сәйкес ТЭН-мен айналысудамыз, содан кейін тиісті конкурстық рәсімдер өткізіледі. ТЭН құны шамамен 40 миллиард теңгені құрайды», — деді министр.
Асқар Жұмағалиев сөзінше, көрсетілген қаражат спитник үшін және жер серігі қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажет жердегі жүйелермен байланысты басқа да шығындарға жұмсалады.
Сондай-ақ, ол құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, кейінірек конкурс жарияланатындығын, содан кейін бас мердігерді анықтайтынын атап өтті.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл