Қазақстан 40 млрд теңгеге жаңа спутник құрастырады

12:15, 29 қаңтар 2020
272

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан 2020 жылы KazSat-2R спутнигін құруды бастайды. Бұл туралы цифрлік даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

«Біз бүгінде спутниктің бейнесіне сәйкес ТЭН-мен айналысудамыз, содан кейін тиісті конкурстық рәсімдер өткізіледі. ТЭН құны шамамен 40 миллиард теңгені құрайды», — деді министр.

Асқар Жұмағалиев сөзінше, көрсетілген қаражат спитник үшін және жер серігі қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажет жердегі жүйелермен байланысты басқа да шығындарға жұмсалады.

Сондай-ақ, ол құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, кейінірек конкурс жарияланатындығын, содан кейін бас мердігерді анықтайтынын атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!