Қазақстан 2,5 млн тоннадан астам бидай экспорттады

16:53, 19 шілде 2019
400

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында бидай мен меслин экспорты 2,5 млн тоннаны құрады. Бұл көлем 2018 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 0,6%-ға төмен.

Жеткізілген бидайдың жалпы құны 462,6 млн АҚШ долларын құрады, тауарлар экспорты бойынша түсім 18%-ға өсті.

Ең үлкен астық көлемі Өзбекстанға жөнелтілді – 910,1 мың тонна бидай 143,7 млн долларға. Тәжікстан 78,6 млн долларға 422 мың тонна астық, Әзірбайжан – 33,1 млн долларға 218,6 мың тонна, Түркменстан – 30,2 млн долларға 160 мың тонна, Қытай – 33,1 млн долларға тонна, Ауғанстан – 24,9 млн долларға 133 мың тонна, ал Түркия – 19,4 млн долларға 102,6 мың тонна астық сатып алды.

Өз кезегінде Италия 18,6 млн долларға 91,3 мың тонна, ал Ресей 17,6 млн долларға 81,7 мың тонна бидай ипмпорттады.

Сондай-ақ, Қазақстан бес айда 137,6 млн долларға 637,9 мың тонна ұн сатқан. Жеткізілімдер заттай көріністе 31,7%-ға, ал ақшалай көріністе 22,2%-ға қысқарды.

Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (87,1 млн долларға 384 мың тонна) және Өзбекстан (29 млн долларға 164,3 мың тонна) болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!