Қазақстан мен Польша арасында визасыз жүйе қалыптасады ма?

17:03, 14 наурыз 2018

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылғы 13 наурызда Астанада Қазақстан мен Польшаның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консулдық мәселелер бойынша консультациялар өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, поляк тарапын Польшаның СІМ Консулдық департаменті директорының орынбасары Бэата Бжывчы ханым басқарды.

Поляк тарапы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі Астананың бастамасын қайта қолдап, сондай-ақ осы мәселе бойынша одан әрі қолғабыс көрсететіні туралы ниет білдірді.

Консультациялар шеңберінде, Қазақстан қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан босату мүмкіндігі, қазақстандық студенттерге поляк визаларын алу рәсімін жеңілдету және поляк органдарымен қазақстандық азаматтарының білімі туралы аттестаттары мен дипломдарын тану (нострификация), құжаттарды заңдастыру, екі елдің азаматтарын консулдық-құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету туралы сұрақтар, сондай-ақ адамдардың реадмиссиясы туралы екіжақты келісімді жүзеге асырудың тәжірибелік мәселелері талқыланды.

Өткен келіссөздер екі елдің азаматтары мемлекеттік органдарға жүгінген кезде заңдық рәсімдердің жеңілдетуіне бағытталған консулдық саладағы екіжақты байланыстарды дамытуға өзара қызығушылықты растады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!