Қазақстан мен Қытай 100 млн долларға дата-орталық салады

10:47, 12 қыркүйек 2019

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – 2020 жылы Нұр-Сұлтанда дата-орталықтың құрылысы басталады. Бұл туралы Қазақстандағы блокчейн қауымдастығы хабарлады.

Ұйым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Қазақстанда цифрлық инфрақұрылымды дамыту туралы меморандумға қол қойылғанын түсіндірді.

Құжатта 100 млн долларға дата-орталық салу қарастырылған, бұл жобаны Қазақстанның энергетикалық компаниясы қатысатын халықаралық компания және «CETC International» мемлекеттік компаниясы (SETS мемлекеттік корпорациясының еншілес компаниясы) жүзеге асырады. Құрылысқа Қазақстандағы блокчейн және дата-орталықтарды дамыту қауымдастығы қолдау көрсетеді.

Дата-орталық – бұл серверлік және желілік жабдықтарды орналастыру және абоненттерді интернет желісі арналарына қосу үшін мамандандырылған ғимарат.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!