Қазақстан мен Қырғызстан билігінің жұмыс тобы бірлескен жол картасын әзірлейді

12:10, 19 қазан 2017

Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз елінен келген делегациямен келіссөздер нәтижесінде мәлімдеме жасады.

Еуразиялық экономикалық одақ пен дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері мен нормалары ескеріліп, кеден және салықтық басқаруға қатысты түйткілді мәселелер де сөз болды. Қырғызстанның Премьер-министрі Сапар Исаков оларды оңтайлы жолмен шешуге, сондай-ақ экономикалық мүдделерді сақтауға кепіл болды.

Еске салсақ, таяуда Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаков бастаған үлкен делегация Астанаға келген. Кездесуге қырғыз тарапы бастамашылық етті. Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім еткендей, екі елдің бірлескен жұмыс тобы құрылады. Соған сәйкес 5 күн ішінде бірлескен жол картасы әзірленеді.

Сондай-ақ тараптар кеше түнгі сағат 12-ден бастап, Қазақстан мен Қырғызстанның, мемлекеттік шекарасын, әсіресе, Қордай бекетін кесіп өту тәртібіне, басым бағыттар енгізуге келісті. Келісім бойынша қол жүктерімен өтетін жеке тұлғалар, жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер, жеңіл автокөліктер және бос жүк көліктері үшін, мемлекеттік шекараны кесіп өтудің басым тәртібі қолданылады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!