Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуді тоқтатты

09:39, 23 қаңтар 2020

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Хлорлы органикалық қосылыстардың артуының анықталуына байланысты Қазақстан мұнайының Қытайға экспорты тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 16 қаңтарында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мұнайын «ҚазТрансОйл» магистральды мұнай құбырлары жүйесіне қабылдаған кезде шикізат сапасына жүргізілген тест нәтижелері бойынша 204 Цельсий градусқа дейін қайнаған фракцияда органохлор қосылыстарының артық мөлшері табылған.

«Сол күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнай қабылдау жеткізілген мұнайдың сапасына қатысты мәселелер шешілгенге дейін тоқтатылды», — деді министрлік.

Қазақстанның МӨЗ-ін тиеуді қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі «ҚазТрансОйлмен» бірлесіп мұнай ағындарын қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондықтан, Қазақстан мұнайының Қытайға экспорты тоқтатылды. Жеткізілімнің төмендеуі -30,9 мың тоннаны құрады, жоспарланған — 34,6 мың тонна.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ресурстарынан тапсырылатын мұнай сапасы мәселелері реттелгеннен кейін Қытайға мұнай экспортын қалпына келтіру көзделіп отыр», — деп хабарлады Энергетика министрлігінде.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!