Қазақстан Қытайдан жылдық 2%-бен несие алды

09:36, 18 маусым 2019

Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Қытай тарапынан жеңілдетілген несие беру беру туралы шекті келісімді бекітті, — деп хабарлайды LS.

Құжат Бейжіңде 2018 жылғы 7 маусымда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жасалған болатын. 

Шекті келісімге сәйкес, Қазақстан ҚХР-дан 2 млрд юань (112,6 млрд теңге) мөлшерінде жеңілдетілген несие алу керек. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша қарыз теңгемен берілуге тиіс болатын.

«Бастапқы бес жылда тек пайызды ғана қайтарамыз, содан кейін алтыншы жылдан бастап соңғы 20 жылға дейін қарыздың негізгі сомасын төлейтін боламыз», – деді министрліктегілер. 

Несие ЕАЭО-ның қазақстандық учаскесіндегі сыртқы шекарасындағы кедендік инфрақұрылым бекеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!