Қазақстан құс етін өндіруді төрт есеге ұлғайтады

14:40, 12 тамыз 2019

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — 2027 жылға қарай Қазақстан құс етінің өндірісін 700 мың тоннадан астамға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.

«2018-2027 жылдарға арналған құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында ет өндіру көлемін 180 мыңнан 740 мың тоннаға дейін, тағамдық жұмыртқаны 5 млрд данадан 7,5 млрд данаға дейін арттыру жоспарлануда», – деп түсіндірді ведомствода.

Сондай-ақ, АШМ-де елімізде асыл тұқымды мал шаруашылығы өсіретін фермалар мен 17 құс фабрикасы салынатынын мәлімдеді. Ет өнімдері өндірісін арттыруға келетін болсақ, Қазақстанда мал сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар құру және етті терең өңдеу технологияларын игеру бойынша жобалар іске асырылып жатыр.

«Биылғы жылы Алматы облысында бір ауысымда 100 бас ірі қара мал және 1,5 мың ұсақ мал сою қуаттылығымен ет өңдеу кешені іске қосылды», — деді министрлікте.

Сонымен қатар, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда басқа ет өңдеу кешені іске қосылады деп күтілуде. Жобаның қуаттылығы жылына 5 мың тонна ет құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!