Қазақстан киберқауіпсіздік деңгейі бойынша 40-орынды иеленді

12:08, 10 қыркүйек 2019

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында ақпараттық қауіпсіздіктің шабуылдары мен қауіп-қатерлеріне байланысты оқиғалар саны 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға қысқарды, деп хабарлайды FinProm.

Осы жылдың алты айында республикада 10,4 мың осындай оқиға тіркелді, ал былтыр — 13,5 мың. Осы оқиғалардың көпшілігі сәуір айында (2,1 мың) болды.

Елде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың экономикаға енуі айтарлықтай өсті. 2018 жылдың соңында компьютерлер пайдаланатын ұйымдардың үлесі 77,7%-ды құрады.

Өз кезегінде, интернетке қол жетімді ұйымдардың үлесі 2017 жылғы 67,7%-дан 2018 жылы 75,1%-ға дейін өсті, ал интернет-ресурстары бар ұйымдар 22,3%-ды құрады.

2019 жылдың шілде айының соңында Қазақстанда 25,8 млн-нан астам ұялы байланыс абоненті тіркелген, оның 14,8 млн абоненті интернетке қол жеткізе алады, ал тіркелген интернет абоненттерінің саны 2,5 млн бірлікті құрады.

Қазақстан киберкеңістіктен туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы тұру дайындығы жоғары елдер тізіміне енді. Мемлекеттің киберқауіпсіздік деңгейін бағалайтын киберқауіпсіздік жаһандық индексінің есебіне сәйкес, Қазақстан 2018 жылы бір жыл ішінде бірден 43 позицияға, 83-орыннан 40-орынға көтерілді. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден кейін екінші орынға ие болды, ал Өзбекстан, Әзірбайжан және Беларусь алғашқы бестікке кірді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!