Қазақстан қандай елдерге күріш экспорттап отыр?

09:42, 20 қыркүйек 2019
763

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан 49,9 мың тонна күріш экспорттады.

Бұл өнімдерді жеткізуден түскен табыс 14,3 миллион долларды құрады, заттай көріністе жеткізілімдер 10,7%-ға, ал ақшалай көріністе – 10,9%-ға азайды.

Дәнді дақылдардың ең үлкен көлемі Өзбекстан мен Тәжікстанға жіберілді. Бұл елдерге тиісінше 21,3 мың тонна (6,3 млн долларға) және 16,9 мың тонна (4,4 млн долларға) сатылды.

Ресей 1,5 млн долларға қазақстандық күріштің 6,4 мың тоннасын, Украина 2,7 мың долларға 680,8 мың тоннасын, ал Түркіменстан 1,4 мың долларға 941,1 мың тоннасын сатып алды.

Қырғызстанға 163,4 мың долларға 680 тонна, Ауғанстанға 76,8 мың долларға 272 тонна, Моңғолияға 81,6 мың долларға 143,1 тонна, ал Әзірбайжанға 26,8 мың долларға 67 тонна күріш жөнелтілді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!