Қазақстан қалайы экспортын дамытады

17:45, 11 желтоқсан 2019
1520

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — 2022 жылы Қазақстан қалайы концентратын экспорттауды жоспарлап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы қалайы кен орнын игеру бойынша 100 млрд теңгенің жобасы әзірленіп жатқанын еске салды.

«Айыртау ауданындағы Сырымбет кен орны — ең ірі игерілмеген кен орны (460 млн тонна кен). Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 2021 жыл, өнімнің алғашқы жеткізілімі 2022 жылға жоспарланған», — деп түсіндірді ведомствода.

Өндіріс көлемі жылына 10 мың тонна қалайы концентратын құрайды деп күтіледі. Дайын өнім экспортқа бағдарланған.

Сонымен қатар, қалайы жобасын іске қосу есебінен 600 жұмыс орнын ашу жоспарда бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!