«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның басшылығында өзгерістер болды

15:06, 18 наурыз 2019
320

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы 13 наурызда «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жалғыз акционерінің («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) шешімі бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі Яцека Бжезински өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Жаңа тәуелсіз директор және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Елемесов Аскар Раушанулы тағайындалды.

Елемесов Аскар Раушанулы М.В. Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық факультетін және Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетін  «Іскери әкімшілендіру» бағыты бойынша тәмәмдаған.Әртүрлі жылдары басшы және жетекші қызметтерін атқарған, қаржылық қызметтер көрсету саласында  25 жыл  табысты жұмыс істеген.          

2004 -2006 жылдары арасында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне  Министрліктің стратегиялық даму мәселелеріне жетекшілік ететін  Вице-министр лауазымына тағайындалған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!