Қазақстан ипотекалық компаниясы директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

12:55, 19 маусым 2019

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ (Алматы) 2019 жылғы 13 маусымдағы Директорлар кеңесінің шешімімен Жанке Тимур Амантайұлы компанияның директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны туралы хабарлады.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Жанке Т. А., Мұхамеджанов А. Б., Тоқобаев Н. Т., Елемесов А.Р., Салықов О.Ж.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – « ҚИК «ИҰ» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық кредит беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес құрылды.

«ҚИК» ИҰ» АҚ-ның жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы болып табылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!