Қазақстан Елшісі Андорраның тең Князі – Францияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

15:33, 13 сәуір 2019

Париж, 12 сәуір – Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы қоса атқарушысы Елшісі Константин Жигалов Андорра Князьдігінің тең Князі – Франция Президенті Эмманюэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Елшісі Э. Макронды Қазақстанда алдағы президенттік сайлау туралы хабардар етіп, оған Қазақстан басшылығының ыстық ықыласын жеткізді.

Өз кезегінде, Франция Президенті біздің елдеріміз арасындағы қарқынды дамып келе жатқан қарым-қатынастарды және 2018 жылғы қазанда Брюссельде өткен АСЕМ Саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жемісті кездесуін атап өтті.

Э. Макрон Қазақстан Н.Назарбаевға өзінің шексіз құрметін баса айтып, денсаулық пен амандық тілей отырып, оған өзінің жылы лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ, Франция көшбасшысы Қазақстанға жаңа кезеңде сәттілік тілеп, жоғары деңгейде тиімді диалогты жалғастыруға ниет білдірді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!