Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып 5G енгізеді

15:26, 19 шілде 2019
328

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аблайхан Оспанов Қазақстанда 5G енгізу жұмыстары туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысы, Шымкент қалаларында 5G іске қосылуда. 5G пилоты ж.ріп жатыр, ол провайдерлерден қандай ақша ресурстары қажет екенін көрсетеді және нәтижелері бойынша жоспарлар түзетіледі, оның аясында бізде барлық жерде 5G қатар енгізілді», — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан алғашқылардың бірі болып 3G және 4G-ті енгізді және 5G енгізуді көздеп отыр.

«Пилот іске қосылды … Бірақ 5G-ді қолдайтын телефондар да қажет. Мен жақында Қытайдағы ірі конференцияға барды, әуежайда WiFi болған сияқты, бірақ интернетке қосыла алмадым. Маған, «телефоныңыз 5G функциясын қолдамайды» деп айтты», — деді Оспанов, iPhone10 телефонын мысалға алып.

Оның мәлімдеуінше, ұялы байланыс операторлары халық саны 50-100 адамнан тұратын шағын елді мекендерден басқа аймақтарды қамтуға мүдделі.

«Себебі тиімсіз. Елестетіп көріңізші, онда бірнеше базалық станцияларды қойып, электр энергиясын жеткізу керек, ал егер елді мекенде 50-100-150 адам тұратын болса, онда қандай табыс болуы мүмкін», — деді Оспанов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!