Қазақстан экономикасы өсіп келеді

09:56, 10 қыркүйек 2019

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан экономикасының өсімі сегіз айдың қорытындысы бойынша 4,3%-ды құрады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

«Ағымдағы жылдың тамыз айында тұрақты динамика сақталды. сегіз айда ЖІӨ өсімі 4,3%-ға дейін артты», — деді ол 10 қыркүйек күні Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, барлық халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингін инвестициялық тартымдылық деңгейінде растады.

Экономика өсуінің басты факторлары инвестициялық белсенділік және нақты сектор өндірісін ұлғайту болды. Атап айтқанда, инвестициялар сегіз айда 10,7%-ға өсті.

«Жылдық инфляция нысаналы дәліз шегінде тұр және 5,5%-ды құрады», — деді Дәленов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!