Қазақстан Беларусь пен Қырғызстаннан көбірек сүт сатып ала бастады

16:52, 4 қазан 2019
571

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың жеті айында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 32,2 млн долларға сүт пен кілегей сатып алды.

ЕАЭО-тан аталған өнімдердің импорты 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға төмендеді. Бұған статистикалық мәліметтер дәлел.

Төмендеу Ресейден келетін көлемнің 41,5%-ға 9,3 млн долларға дейін азаюы есебінен болды.

Алайда Қазақстан есептік кезеңде Беларусь пен Қырғызстаннан сүт пен кілегей жеткізуді тиісінше 11,6%-ға 18,8 млн-ға дейін және 13,4%-ға 4 млн-ға дейін ұлғайтты.

Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-тамызда Беларусь пен Қырғызстаннан әкелінген сүт пен кілегейдің жалпы көлемі 22,8 млн долларды құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңіндегі осы елдерден келген жалпы көрсеткіштен 12%-ға көп.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!