Қазақстан басқа елдердің экономикасындағы қандай салаларды қаржыландырады

15:32, 20 қыркүйек 2019

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан басқа елдердің экономикасын 29 млрд долларға қаржыландырды.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2019 жылдың І тоқсанында ең көп қаражат кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметке инвестицияланды – 14,6 млрд доллардан астам. Оның 14,1 млрд доллары бас компаниялардың жұмысы мен басқарушылық кеңестерге жұмсалды.

Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуға 5,1 млрд доллар инвестиция салды, бұл ретте металл кендерін өндіруге – 3,8 млрд доллар, ең азы осы сектордың техникалық қызметтеріне – 2,1 млн доллар.

I тоқсан бойынша қаржылық және сақтандыру қызметі 2,66 млрд доллар алды. Атап айтқанда, қаржылық қызметтерге, зейнетақы және сақтандыру қорларын қоспағанда – 2,62 млрд доллар түсті.

Басқа елдердің өңдеу өнеркәсібі Қазақстаннан 2,1 млрд доллар, металлургия және дайын металл өнімдерін өндіруге 1,8 млрд доллар, ал компьютерлер мен базалық фармацевтика өндірісі әрқайсысы 200 мың доллардан алды.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Қазақстан резиденттері жеке тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының қызметіне 1,6 млрд доллар инвестиция салды.

Сонымен қатар шикі мұнай мен табиғи газды өндіруге 906 млн доллар ғана келді.

Көрсетілген кезеңдегі ең аз қаражат электрмен жабдықтау және газ беру – 10,4 млн доллар, білім беру, денсаулық сақтау, өнер және ойын-сауық саласына – 7,7 млн доллар, сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығына – 800 мың доллар салынды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!