Қазақстан баға өсімінен ЕАЭО-да көш бастады

16:14, 19 қараша 2019
422

Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда жылдық инфляция Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары болып қалды.

2019 жылдың қазан айында елдегі баға 2018 жылдың қазанымен салыстырғанда 5,5%-ға өсті. Бұл деңгей ЕАЭО-да ең жоғары болды.

Беларусьте қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 5,3%-ды, Ресейде – 3,8%-ды, Қырғызстанда — 2,6%-ды, Арменияда — 0,9%-ды құрады.

Атап айтқанда, Қазақстанда азық-түлікке бағаның ең көп өсуі тіркелген — бір жыл ішінде 9,7%. Беларусьте бұл көрсеткіш 5,7%-ға, Қырғызстанда – 4,5%-ға, Ресейде — 4,2%-ға, Арменияда — 0,5%-ға жетті.

Сонымен қатар, Қазақстанда азық-түлік емес тауарлар да қымбаттады — 5,2%. Беларуссияда өсім — 3,4%, Ресейде — 3,2%, Арменияда — 1,2%, Қырғызстанда — 0,5% болды.

Жалпы, ЕАЭО-да жылдық инфляция 3,9%-ды құрады, 2019 жылдың басынан бастап — 2,5%.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!